і астың пайдасына тоқталғанды жөн көрдік. Нан, бауырсақ - ұннан жасалады. Ал ұнның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін қажеттінің бәрі бар. Әдетте ұн қара және ақ болып екіге бөлінеді. Түрлі дәрумендер мен минералды заттар екеуінде де бар. Өткен ғасырда нанға құрметпен қарау дәстүрі қалыптасқан. Өйткені, бұл кездері нанды емдік мақсаттарға пайдаланған. Бұл ретте, әсіресе, жаңа піскен ыстық нанмен тұмауды емдеген, асқазан және ішек қату ауруларына қарсы пайдаланған. Содан барып нансыз тамақ ішкен адам үлкен күнә жасаған, оны құдай жазалаған деген түсінік қалыптасқан. Осыған орай Үндістанда қылмыс жасаған адамға белгілі бір уақытқа дейін нан берілмеген. Ал қылмысы ауырлау болса, онда оған ұзақ уақытқа дейін нан бермей жазаланатын болған. Нанның осындай қасиетінен болар, қазіргі уақытта жас балаларға шамалап ақ нан беру ұсынылады. Сонымен қатар спортшыларға да дайындықтың алдында және одан кейін бір тілім нан мен қойытылған сүт ішіп тұруға кеңес беріледі.
2. 3. Бауырсақ және оның түрлері
Қазір заман талабына сай ұннан неше түрлі тағамдар әзірленеді. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтер, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Бүгінгі біздің кеңірек тоқталатын тақырыбымыз- бауырсақ.
1. Бауырсақ қандай? Жұмсақ
2. Бауырсақтың көлемі қандай? Домалақ
3. Бауырсақтың түсі қандай? Сары
4. Бауырсақтың дәмі ше? Өте дәмді
Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағам
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>