бар екен. Бауырсақты жалпы жұрттың тұтынуы үшін, базарға көптеп шығару үшін жасалған техника. Бұл техника бір жолда 800 килограмм бауырсақ өндіреді. Бұл өндіріс 10 жылдан бері Ұланбатырда жұмыс істеп тұр. Ал осындай бауырсақ өндіретін Ресейдің техникасы бір сағатта 36 килограмм бауырсақ дайындай алатын болса, Қазақстанда қолданып жүрген өндіріс тіптен шағын.
2. 4. Бауырсақты пісіру жолдары
Ашыған бауырсақ. "Томпақ бауырсақ"
Әдетте бұл бауырсақтың жасалу жолы қарапайым болып келеді. Яғни, суға тұз, ашытқы салып жасайды. Пішіні әртүрлі: домалақ, қиғаш келген, тіктөртбұрыш болып келеді. Мен ұсынатын бауырсақ әдеттегі бауырсақтан ерекшелеу. Назар аударыңыз!
Бауырсақ құрамына:
сүт -- 1 стакан;
майонез -- 2 ас қасық;
өсімдік майы -- 3 ас қасық;
жұмыртқа -- 1 дана;
тұз -- 1 шәй қасық;
шекер -- 1 ас қасық (қалауыңызша);
ұн -- 500 гр;
ашытқы -- 0,5 шәй қасық;
Бауырсақ құрамында қатып қалған қағида жоқ негізі. Мысалы, майонез орнына қаймақ пайдалансаңыз болады немесе өсімдік майы орнына сары май деген секілді. Мөлшерін де көзбен өлшей аласыз, бастысы ниетіңіз таза болса жетіп жатыр.
Дайындау жолы: аталмыш өнімдердің бәрі үй температурасында жылы болғаны жөн. Жалғыз-ақ сүтті аз ғана ысытып алыңыз. Ашытқыдан басқа өнімдердің бәрін салып, араластырамыз. Осы аралықта қоспалы сүтіміз саусақ күймейтіндей дәрежеде жылы болуы керек. Ашытқыны салып ерітеміз. Ұнды елеуіштен өткізіп саламыз. Қамыр қолға жабыспайтындай, әрі жұмсақ болуы тиіс. Қолға жабыспау үшін азырақ өсімдік майын жағыңыз, илеуін қандыра илеңіз. Енді пищевой пленкамен ауа өтпейтіндей етіп жауып шығыңыз. Жылы орап 1 сағатқа қалдырыңыз.
Ескерту! Бір сағаттан артық ашытудың қажеті жоқ, олай болмаған жағдайда
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>