ашыған иісі шығып тұрады. 40 минут өткен соң майды отқа қойып, қыздыра береміз. 1 сағаттан соң қамыр екі есе көтеріледі. Қалауыңызша бөліктерге бөліп, жаямыз. Стакан немесе аузы дөңгелек кез -келген ыдыспен дөңгелетіп кесеміз. Қызып тұрған майға бір -бірлеп саламыз. Бауырсақтар дөңгелек пішінге ие болуы үшін беті томпайған соң бірден асты қызарғанын күтпей келесі бетіне аудару керек. Енді екі бетін қызартып пісіріп ала беруге болады.
Ашытылған бауырсақтың келесі түрі. Бұл дәмді бауырсақты үйдегілер жиі пісіреді. Ингредиенттердері өте аз: ұн, құрғақ ашытқы, тұз, қант және майонез.
Алдымен 1,5 ас қасық құрғақ ашытқыны жылы суға былғап,
10 минуттай көтерілуін күтеміз. Содан соң 1 кг ұнды шұңғыл ыдысқа салып, 100 грамм майонезді жақсылап араластырамыз. Үстіне 1 ас қасық қант,
1 шай қасық тұз салып, ашытқы қосылған суды құйып, илейміз.
Бұл жерде ең бастысы - жылы суды мөлшермен құю. Ұн илеуді бастағанда біртіндеп суды құйып, оның тым қоймалжың болып кетпеуін қадағалау керек. Егер суды көп құйып алып, қамырыңыз сұйықтау болып кетсе, үстіне еселеп ұн салып қойылтуға тура келеді. Суды тым аз құйып, қамырды қатты илеуге де болмайды, әйтпесе бауырсағыңыз көтерілмей қалады. Сонымен, бауырсағыңызды ашытып болсаңыз, полиэтилен қалтаға салып, не үстелдің үстіне шұңғыл ыдысты төңкеріп, 1,5 - 2 сағатқа қоясыз.
Қамыр ашығаннан кейін оны 3-ке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп алып, майды қыздырып, пісіре бастайсыз. Бауырсағыңыз дөңгелек болу үшін десеңіз, стақан, кесе, т. б. ыдыспен өзіңіз қалаған мөлшерде кесіп түсіресіз.
Асыңыз дәмді болсын.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
"Қазақ Энциклопедиясы" I том
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>