Ыбырай Алтынсарин еңбектерінің тәрбиелік мәні

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ардың бәрі де, бұрыннан келе жатқан, қалыпты өлең түзілісімен жасалған, алайда ол сол қарапайым жолдарға жаңа мазмұн, тың орам бере біледі. Кейде, бала ықыласын еселеп арттыру үшін, өлеңнің ішкі сырын ашпай, пернелеп, орағыта айтатын тәсілді ұстанады. Мәселен. "Бала, бала, бала деп" атты өлеңнің ішіндегі "Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған" деген тармақтар болмаса, оның кім туралы айтылып отырғанын айыру қиын болар еді, Ы. Алтынсарин осыны әдейі алып, бала ынтасының артуына септігі тиеді деп ойлаған.
Ыбырай енді бірде, әр ұғымды өз орнында алып, салыстырмалы ұғым мен қарама-қарсы мәнде де ұтымдылық танытады.
Ыбырай әр алуан пікір таласын оқиға арқауы еткен, әңгіме халықтык аңыз, ертегілерде де айрыкша мән береді. Мәселен, "Жан-жануар, аңдардың дауласқаны" атты әңгімеде жан-жануарлардың өзара дауласқанын келтіре отырып, олардың адамға тигізетін, пайда, көмегін ашу көзделген. Ал, оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары деген бөлімде балалар мен ата-аналардың карым-қатынасына, бір-біріне деген, ізет-бауырмалдылығына назар аударады. Сол арқылы олардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелемек болады. Сондай-ақ "Қара батыр" ертегісіндегі ұшқан кұс, жан-жануарлардың бір-біріне тілдесуінің өлеңмен өрлеуі, жоқтау, коштасу жырларының молдығы да ұстаз ұстанған тәрбиелік мақсатқа бағындырылған. Тіпті "Бай ұлы", "Жәнібек батыр" әңгімелері де билік, дау-талас, тартыс кұскаларын жастарға үлгі ету үшін алынған.
Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі олардың көпшілігінің әлеуметтік сипатының айқындығы дер едік. Айталық, "Бай мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй" әңгімелерінде автор халкымыздың тұрмыс-тіршілігін, яғни көшпелі өмір мен коныстану жәйттерін,

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: