де солар секілді еңбек ет, боска жүрме" -- деген ой айтады жазушы.
Ы. Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халкымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бейнелейтін этнографиялық сипатта келеді. Бұл шығармалардын жастарды елдің, халықтың тарихы мен ұлттық тағылымы туралы мәліметтермен тәрбиелеудегі орны ерекше маңызды,
Мұның бірі:өлген адмды жерлеу және оған ас беру дәстірі жайында болса, екіншісі: құда түсу, қыз ұзату және той жасау салты туралы дер едік. Кезінде жарық көрген (1970,1879жж) бұл зерттеу мақалалары оның казақ өмірінде елеулі орын алатын салт-дәстүрді жетік білетінін , сол ғұрыптардың елдің тұрмыс-тіршілігіне діни салт-санасына карым-катынасын жете бағалайтын білімдер кісі екенін айкын танытады.
Айталық, өлген адамның тірі күнінде өтей алмаған ораза, намазы үшін берілетін ысқаттың (садаканыя) "күнәні сатып алу" деп аталып, оған тиесілі азыкты молданың өзі алмай, кедейлерге берілуі тиіс екені атап көрсетіледі. Немесе Ы. Алтынсариннің өлген адамға койылатын есксрткіші мен үйіне жасалатын белгілердің мән- манызын ашып, баяндауы да ел тіршілігінің талаптарына бағындырылып отырады. Осыған орай ол : "Бейбіт ауыл төңірегіндегі ең биік жердің үстіне қазылады , ал оның үстіне салынатын ескерткіш алыстан көрінетін болуы үшін , мүмкіндігікше катары биік етіп қаланады; еркектердін ескерткішінің тәбесіне - найза , әйелдердік бейітінін үстіне - бақа немесе піскек, ал балаларлікіне- бесік қойылады. Бұл бейіттерді жергілікті қазактардың бәріде жақсы біледі, елсіз, жолсыз - ен далада келе жаткан жолаушыға ол бейіттер жөн сілтейтін белгі болып табылады. . . Өлген кісіні жерлейтін орынды карастырғанда, оның бейітінің суға жақын болуы еске алынады, өйткені жүргіншілердің сол бейітті бағдарлап су тауып ішу мақсаты кездестіріледі" 3;323
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>