,- деп көрсетеді.
Ы. Алтынсарин мұрасының басым көпшілігі әдеби көркем шығармалар болып келеді, алайда сол өлеңдері мен көркем әнгімелерін ол тек педагогикалық - тәрбиелік мұрат-максатқа сәйкес жаратады, бұл жәйт оның жазушылығы мен педагогтығының бір арнадан бастау алатындығын аңғартады.
Ы. Алтынсариннің ұстаздық, тәрбиешілік қызыметінің өзі негізінен жастарды өнер-білім, техниканы игеруге шақыру, сол аркылы қазак даласын жайлаған қараңғылык пен надандылыққа қарсы батыл күрес ашуға бағындырылады. Осы орайда, ол көркем әдебиеттің әсіресе, поэзияның әсер ыкпалын тиімді пайдалануын қарастырады.
Сан алуан аудармалары да Ы. Алтынсарин каламынан кейін құлпырып сала береді, мұндай сипат, оның бір топ өлеңдер мен әңгімелерге жасаған өңдеу-өзгерістерінен де анық байкалады.
Ақын өзі жазған, не елден алып өндеген өлеңдерінде олардың тәрбиелік нақыл-насихаттық мәніне ерекше зер салады. Сол арқылы жас буынды ізгілік пен адамгершілікке, әділдікке, зейінділік пен еңбекке баулуды көздейді. Бұл топтағы жырлар көбінесе, мағынасы мақал-мәтел сияқты өткір , көлемі шағын болып келеді.
Ы. Алтынсариннің ақындық қуатының ерендігі мен жаңашылдығын танытатын шығармалары деп оның "Жаз", "Өзен" атты өлеңдерін атауға болар еді. Бұларда ақын тамылжыған табиғат пен жан-жануар адам өмірін өзара астастыра суреттейді. Ыбырайға дейінгі поэзиямызда дәл осындай бірыңғай табиғат сипаттамаларының жоқтығын еске алсак, онда бұл туындының әдебиетімізден алатын орны мен мәні айкындала түспек. Ыбырай озық үлгідегі орыс әдебиетінен үйрене отырып бұл салада тыңнан жол салып қана қоймай, көшпелі қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі мен жанды көріністерін сомдай сипаттайды.
Ыбырай өлеңдерінің сыртқы түр-кұрылысында айта қаларлықтай соңы сипаттар үшыраса бермейді. Бұл
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>