лдымен, орыстың, кала берді Европа окымыстыларының педагогикалық көз қарастары мен окыту, оқулыктар жасау әдістері мен қарулана отырып, солардың тәжірибесін қазақ жастарынан талап - тілектеріне қарай бейімдеп құруға айырықша зер салды.
Сәйтіп ұлы ағартушы осы арқылы мәдениеттен кенже қалған халқымызды өнерлі, білімді елдердің катарына косуға батыл адым жасап, тыңнан жол салды.
Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады. Өйткені оған дейін қазақ жазба әдебиетінде көркем проза әлі калыптаса қоймаған еді. Ол Еуропалық үлгідегі шағын керкем қара сөз жанрын қазақ оқырманына әкелді. Мұнда қаламгердің шағын әңгіме, новеллалары жастарды оку-білімге ұмтылуға, өнерді меңгеруге, кәсіп үйренуге, еңбекті сүюге, Отанын қадірлеуге, сондай-ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді. Жалқаулық, надандық, залымдық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейди.
Еңбекті сүю, қадірлеу -- Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі такырыптардың бірі. Мұны жазушы шығармаларында кейде ашық үгіт, айқын насихат түрінде берсе, кейде дидактикалық мысал немесе белгілі бір оқиға үлгісінде беріп, шешімін оқушы назарына ұсынады.
Еңбек тақырыбын қозғаған Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Бай баласы мен жарлы баласы", "Дүние қалай етсең табылады?", "Байлық", "Әке мен бала", "Асыл шөп", "Қыпшақ Сейіткұл", "Киіз үй мен ағаш үй", т. б. әңгімелері -- өзінің өнегелігімен, бейнелілігімен, көркемдігімен еріксіз есте қалатын туындылар.
"Өрмекші, кұмырсқа, карлығаш" әңгімесінде аталған жәндіктер мен құстық тіршілік етуімен таныстыра отырып, окушысын еңбекті сүюге тәрбиелейді. "Жұмыссыз, еңбексіз жүрген бір жан не бір жәндік жоқ. Сен
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>