Я- современный педагог

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"МЕН - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗБЫН"

Ұстаз -- бала тәрбиесіндегі орны ерекше, парасатты тұлға.
Ұстаздық мамандықты таңдаған адам үшін, ұстаздық- үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін жол.
Бүгінгі жаңа технологиялардың қарқынды дамуы кезеңінде заманауи ұстаздық қызметтің жауапкершілігі үлкен. Сол себепті де менің көкейімде әрдайым: "Заманауи ұстаз қандай болуы керек?" -- деген сұрақ тұрады. Аталған сұрақтың жауабын табу мен үшін ізденіс жұмыстарым, жаңа ғасырдың - жаңа ұстазыын қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды. Мұғалімнің бойындағы өзіне ғана тән кәсіби шеберлікті, баламен қарым-қатынастағы ешкімге ұқсамайтын әдіс- тәсілді, заманауи ақпараттық технологияларды толық игерген ұстаз ғана, алдына қойған мақсат- міндеттеріне түбегейлі жетеді деген сенімдемін және бұл дәлелденген.
Жаңа ғасырдың- жаңа мұғалімі тәрбиелеп, білім беріп отырған шәкіртіне ғылым өз пәні бойынша сабақ беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика аясына шыға алуына, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Бұл тек өз ісінің шебері- нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Жаһандану кезеңінде - әлем елдерінің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі болғандықтан, білім -пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Елбасымыз өз сөзінде: "Біз білім мен ғылым саласында бәсекеге қабілетті бола алмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз" -- деген болатын.
ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформаларымен ерекше. Сондықтан да осы жағдайға сай зияткер, СӨС ұстанған, ой-өрісі жан-жақты дамыған, білімі халық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: