аралық деңгейге сәйкес азаматты тәрбиелеу - әрбір ұстаздың міндеті. Ұстаз - білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру.
Заманауи педагог, ол- үнемі ізденістегі, зерттеуші, технолог, өнертапқыш. Сол себепті де, ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа форматтағы- жаңашыл ұстазы болуы керек.
Жаһандану кезеңінде өркениет көшінен қалмайтын, бәсекеге қабілетті, барынша жаңа технология элементтерін игерген, білімді де, білікті ұстаз -өз кәсібінің майталманы болары сөзсіз. Барша қауым қолдап отырған, Елбасымыздың білім беру саласындағы Стратегиясын жүзеге асыруда қоғам сұранысындағы ұстаздың бойынан келесідегідей ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:
-азаматтық жауапкершлік;
-әлеуметтік белсенділік;
-рухани мәдениеттілік;
-шынайы парасаттылық;
-ұйымдастырушылық;
-жаңашылдық саяси сауаттылық;
-кәсіби құзіреттілік.
Еліміздің тұтқасын ұстар, өскелеңұрпақты оқыту мен дамыта тәрбиелеуде жаңашыл ұстаз ретінде мен қандай үлес қосудамын?!. . . . .
Бұл сұрақтың жауабы мені әрдайым ойлантады, алға жетелейді.
Өзімнің талай жылғы іс- тәжірибемді қолдана отырып, заман талабына сай, сапалы мамандар даярлауда нәтижелі еңбек етіп келемін. Менің ұстанымым - әр сабақты әдістемелік жағынан жоғары дәрежеде өткізу, оқу процесінде дамыта оқытудың жаңа жолдарын іздестіру. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша "Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы шаруалар қозғалысы" тақырыбындағы ашық сабағымда, жаңа технология элементтерін тиімді қолдандым, сондай- ақ, Махамбеттің ақындық, күйшілік ерекшеліктерін де балалар сабақ барысында айқындай түсті, яғни, күйлерін шертті, өлеңдерін оқыды. Сабағыма Шығыс Қазақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>