Я- современный педагог

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

стан облыстық Білім Басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы- Ильясова Гульмира Бейсенбаевна қатысып, сабағымның ойынан шыққандығы туралы жақсы лебіздер білдірді. Сабағымның бір ерекшелігі, бұл сабақта балалар аталған тақырып бойынша тек қана ақпарат алып қана қойған жоқ, сондай- ақ, ұлттық тәрбиенің де қазақ халқы үшін маңызы үлкен екенін білді. Себебі, сабақты бағалау әдісі, асықпен жүзеге асырылса, сергіту сәті ретінде қазақтың музыкалық ұлттық аспабы- домбыра да сабақ барысында қолданылды.
Заманауи педагог тек қана сабақ беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өзін-өзі дамыту жұмыстарымен де үнемі айналысады. Мысалы: түрлі сайттарда өзінің де, шәкіртінің де мақалаларын, ашық сабақтарын, сабақтан тыс тәрбие сабақтарын, әдістемелік материалдарын жариялап, түрлі тақырыптағы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияларға қатысып, белсенділік танытуы қажет. Өз басым осы ұстаныммен жұмыс жасаймын. Нәтижесі дерлік бар.
Ой- пікірімді қорытындылайтын болсам, менің ұстаздық борышым - тәрбиемен сусындаған, қазіргі заманға сай ойлай, тұжырымдай білетін, азаматтық жауапкершілігі басым, жан- жақты тұлғаны қалыптастыру деп білемін. Және өзім де осындай шәкірттер тәрбиелеу процесіндегі аянбай жұмыс жатырмын деген сенімдемін.
Әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне, нағыз заманауи ұстаздық мұрат- мақсатың -- осы болмақ. . .










Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: