Сабақтың тақырыбы
Дәрумендер
Мақсаты
Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа үйренеді.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Сурет бойынша жаңа тақырыпты ашу. Ол үшін бейне баян арқылы оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау, яғни, қызығушылығын ояту.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған "Дәрумендер денсаулық кепілі" атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Топқа бөлу.
1 - оқушы: - Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір - бірімен айтысып жатыр екен. "Мен пайдалымын" деп шу шығарып жатыр.
Асқабақ: - Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін.
2- оқушы: Іші сары, сырты қатты,
Дәні - дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты - асқабақ.
Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
Орамжапырақ келеді
Дәмді болсын десең
Орамжапыр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>