ақты егер,
Жаздай суар оны,
Жатпасын шөлдеп бекер.
Орамжапырақ та сенің
Еңбегіңді өтер.
Орамжапырақ: - Сен керемет емессің, бірақ мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін.
Асқабақ: - Онда неге сені бұлай атаған?
Орамжапырақ: - Ежелгі египеттіктер мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажетті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін.
Қияр келеді.
Қияр: - сопақшы көк өңім бар,
Пайдалы, мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жиярсың,
Менің атым - қиярмын.
Қазір ұзын сабағым
Жан - жағыма тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
- Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға да қолданады.
Қызанақ келеді.
Қызанақ: - Немене бәрің оны ренжіте бересіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын.
Асқабақ: - сен де мақтанғың келіп тұр ма?
Қызанақ: - Жо - жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды.
Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып - қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.
Картоп келеді.
Картоп: - Әй, қойыңдар! Адамның екінші наны атансақта көкірегімізді кермей-ақ тып-тыныш жатырмыз ғой!
Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>