.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!
- Мені ең алғаш 1537 жылы білді. Голландияның І Петр 1700 жылы шамасында
Ресейге әкелінді. Құрамымда 14 - 24 крахмал бар. 200-ге жуық әртүрлі тағам әзірленді. Мені де әртүрлі атайды. Отаным - Оңтүстік Америка.
Қызыл бұрыш: - ой, картоп, мен білмегем ғой, екеуміз жерлес екенбіз ғой. Мен де Оңтүстік Америкаданмын. Мені Христофор Колумб әкелді. Дәрумендерге өте баймын. Егер көкөністер арасынан жарыс өтсе, мен чемпион атағын алушы едім. Біреуін каротин үшін, енді біреуін А дәрумені үшін алар едім, өйткені ол тері аураларына пайдалы, менде де С дәрумені бар. Егер де кімде-кім мені тағамға пайдаланса, ол адам көп өмір сүреді.
Сарымсақ: - егер бұрыш өзін өте пайдалымын, бәріне қажеттімін десе, онда мен туралы айтып керегі де жоқ.
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
- Өзіме тән иісім бар, құрамымда 20 - 27 полисахарид, нәруыз 7 - 28 , С дәрумені бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майын медицинада қолданады. Қышпа зат, фитоцидтер де бар. Сондықтан жұқпалы аураларға қарсы пайдаланады.
Бұрыш: - Сенің Отаның қай жер?
Сарымсақ: - Азияда тудым. Бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда батырлар мені кеуделеріне тұмар ғып тағып жүрген. Өйткені мен әртүрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін.
Пияз келеді де сарымсақтың қасына тұрады.
Асқабақ: - Сен неге сарымсақтың қасына тұрасың? Сендер доссыңдар ма?
Пияз: - Біз дос қана емеспіз, ағайындымыз. Мені Біздің дәуірімізге шейін білген. Ежелгі Римде солдаттарға батырлық пен күш береді деп есептеген. Әртүрлі аураларға, тұмауға, тіс ауырғанда, чума ауруына қарсы пайдаланып, емделген.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>