Мысырлықтар тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерлеген.
Сәбіз: - Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
Сәбіздің мәдени дақылдарға жатқызылуы - біздің заманымызға дейінгі 2000-1000 жылы. Отаным - Жерорта теңізі, одан ол барлық жерлерге таратыла бастады. Құрамы дәрумендер - витаминдерге өте бай. А, В, С, К, Д, Е, сонымен қоса микроэлементтер де бар, кобальт, темір, йод, мысқа да бай. Садат жасауға, тағамдарға пайдаланады.
4 - оқушы: - Көкөністер айтысы ұзаққа созылды. Біреуі "тәттімін", біреуі "өте қажеттімін" десе, енді біреуі "емдік қасиетім бар, сондай пайдалымын" деп жатыр.
Бақша иесі келіп көкөністерді жинауға кірісті.
5 - оқушы: - Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!
Ән: "Дастархан"
Мұғалім: - "Бірінші байлық - денсаулық" деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан - ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен "Дәрумендер - денсаулық кепілі" деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін!
Кері байланыс
Тілек ағашына тәрбие сағаты бойынша алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады.
Страницы: << < 2 | 3 | 4