есін қорғағансыды, діни демагогия сүйенеді. . . " 2.
Жалпы Алашорданы және "Алаш" партиясының Түркістан (Қоқан) автономиясымен байланыстыруда осы кезендегі кеңестік әдебиетте кеңінен орныққан көзқарас. Аталмыш энциклопедияның "Алаш партиясы" деп аталатын шағын мақаласынан осыған байланысты мынандай жолдарды оқимыз: "Алаш партиясы Совет өкіметін мойындайтын сөз жүзінде жарияланғанымен іс жүзінде қазақ халқының ішкі істеріне араласпауды талап етіп, жергілікті өкімет орындарын танымады. "Алашорда" Орал, Торғай облыстарында бөлімшелерін құрды, контрреволюцияшыл Қоқан автономиясымен, башқұрт ұлтшыларымен тығыз байлыныста болды. . . " 3.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін де, тіптен кейін де осы көзқарасты берік ұстанып ғана қоймай, сонымен бірге қарапайым тарихи шындықты бұрмалап түсіндірушілер де аз болмады. Мысалы, Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген мәскеулік ғалым В. М. Устинов өзінің Қазақстанда 1996 жылы жарық көрген "Тұрар Рысқұлов: (Очерки политической биографии)" атты еңбегінде. . . Постепенно стали создаваться и организации по признакам отдельных национальностей. К примеру, казахская интеллигенция организовала в Туркестане отделение партии "Алаш" под названием "Бірлік туы" 4, - деп жазды. Тарихи шындық "Бірлік туының" саяси партияның бөлімшесі емес. Алаш қозғалысы газеттерінің бірі болғанын айтуды қажет етеді.
Ал енді Түркістан (Қоқан) автономиясының Алашордамен тығыз байланысты болғанына келер болсақ, бұл бүгінгі тарихымызда әбден дәлелденген нәрсе. Оған тоқталып жату сондықтан да қажет бола қоймас. Алайда жоғарыда кеңестік тарихи әдебиеттер сипаттағандай бұл байланыс ортақ көзқарасқа - жергілікті ұлттардың тәуелсіздікке қол жетк
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>