VIEWS OF KAZAKH INTELLIGENTSIA ON THE PROBLEM OF FORMATION OF KAZAKH STATEHOOD

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ізуде көздеген асқақ армандарын жүзеге асыруға негізделген еді.
Яғни қазақ интеллигенциясы бәрінен бұрын қазақ жеке отау тігіп, автономия бола ала ма, жоқ әлде бола алмайды ма? - деген мәселе қатты толғандырды. Алдағы болатын жалпы қазақтық съезд осы мәселеге жауап беруі тиіс еді. Алайда саяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты алғашқы жалпы қазақ съезі бұған нақты жауап бере алмағанын білеміз. Сондықтан да Ә. Бөкейханов күзге қарай қазақтың "басқаларға қосылып" автономия болу жолын іздестіре бастады.
Айта кеткен жөн, "Қазақ" газеті алғашқы жалпы қазақ съезіне даярлық барысында жоғарыдағы мақаласында автономия дегеннің не екендігін бұқараға түсіндіруге күш салды. Сондықтан да Ә. Бөкейханов күзге қарай қазақтың "басқаларға қосылып" автономия болу жолын іздестіре бастады. Автономияның екі түріне байланысты "Қазақ" газеті төмендегідей пікірлер жазды: ". . . Бұл автономиялардың мәнісін қысқалап айтып өтейік. Әуелі мемлекеттік автономия болуға ма, яки уалаяттық автономия болуға ма дедік. Бұл екеуінің арасындағы айырмасы. Мемлекеттік автономия болса, өз ГосДумасы болмақ; өзіне керек закондарды сол Думасы шығармақ; Ақшасын өзі жасап жығармақ; Барша шаруалық ісі, теміржолы, почта, телеграф сияқты істерінің бәрі де өзінде болмақ; жер-суының билегі де өзінде болмақ; өз алдына әскер ұстамақ; Қысқасы, мемлекетке керек жабдықтарын өзі жайғастырып, өз қамын өзі жемек. Жалғыз-ақ шет мемлекеттермен арасында болатын істер жалпы мемлекет арқылы істелмек. Жалпы мемлекеттің мемлекеттік автономияда өкілі ғана тұрмақ. Мемлекеттік автономияның бас мемлекетпен жалғасатын жері осылар ғана. Уалаяттық автономия болса, оның өз алдына ақшасы, теміржолы, почта, телеграф, әскері болмайды, жалпы мемлекеттің ГосДумасына өкілдерін жібереді. Өз Ду

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: