масы сол жалпы мемлекет Думасында шыққан законге қайшы келместей закондарды шығаруға ықтиярлы болады. Уалаятттағы барша жергілікті істерінің билегі өз қолында болады. Жер-судың билегі жалпы мемлекет қолында болады. Уалаяттық автономия я жер ыңғайына, я елінің ыңғайына қарай болады. Жері жақын болып бөлінуге ыңғайлы болса, яғни бірнеше губерния я облыс жерлерінің табиғаты біріңғай болса, онда істеліп отырған кәсіп һәм шаруашылық қалпыда біріңғай болмақ. Бұған қарап автономия болса, ол жерге қарай автономия болған болады. Бұл жердің елі бір тұқымнан болса, тілі, діні, тұрмысы бір ыңғайлы болса, ондай ел бірігіп автономия болуға жарайды. Онда елге қарай болған автономия болады. Біздің қазақ автономия бола аламыз десе, осылардың бәрін қарап, аржақ-бержағын тесе қарап, тексеріп барып боламыз деу керек" 5.
Бұл айтылғандарды бүгінгі көзбен саралайтын болсақ, сол тұстағы қазақ интеллигенциясының "мемлекеттік құрылымды аңғартатынын, ал "уалаяттық автономия" түсінігінің біздер одақтас республика" атап келген кеңестік мемлекет құрылымына жақын екендігін аңғарар едік. Алайда саяси тұрғыдан алғанда қазақ интеллигенциясы ұсынып отырған мемлекет құрылысының екі түрі де кеңестік мемлекет құрылысына салыстыруға келмейді. Өйткені ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы автономия түрлері туралы айтқанда тек демократиялық құрылымдар туралы ойлады. Ал кеңестік мемлекет құрылысының тоталитарлық, орыс большевиктік шовинизмі арнасында өрбігені бүгінде бәрімізге белгілі.
Қазақ интеллигенттерінің автономия мәселесіндегі көзқарасы 1917 жылдың 21 шілдесінде Орынборда ашылған жалпы қазақ съезінің қаулысында көрініс тапты. Онда төмендегідей мәселелер атап көрсетілді: "1. Мемлекет билеу түрі Россияға демократическая федеративная парламентарная республика бол
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>