күрделі жолдардан өтті. Сондықтанда бұл мәселелердің тарихнамасы да аса күрделі. Бүгінде бұл туралы толық мағлұматтар беретін еңбектер баршылық 1. Тарихымыздың әртүрлі кезеңдерінде осы екі аталмыш автономиялық құрылым туралы көзқарастарда кейбір өзгерістер бола тұрса да, бір нәрсе даусыз: ол - кеңестік тоталитарлық жүйе берік орныққан соң "Алашорда" үкіметі мен Түркістан автономиясын біржақты қаралаудың тарихнамамызда орнығып. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін оған қарсы дау айтудың мүмкіндігі болмағандығы. Көп томдық "Қазақ Совет энциклопедиясындағы" аталмыш автономияларға берілген бағаларды кеңестік таптық көзқарастың нақтыланған жинақталған қорытындысы ретінде қарастыруға болады деген ойламыз. Сондықтанда осынау энциклопедиялық түсініктемелермен қайтадан тоғылырақ танысқанымыз жон сияқты. Алашорда үкіметі туралы аталмыш энциклопедияның бірінші томынан төмендегідей жолдарды оқимыз: "Алашорда" - қазақтың буржуазиялық автономиясы; байлар мен феодалдардың және буржуазияшыл ұлтшылдардың 1917 ж. 5-13 (18-26) желтоқсанда Орынборда өткен ("бүкілқырғыздық") 2-съезінде жарияланды. Съезде құрылған "Алашорда" үкіметі (басшылары - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омаров, М. Шоқаев, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхаммедов, Ж. Досмұхаммедов, М. Тынышбаев т. б. ) бай-феодалдар мен сол кезде қалыптаса бастаған қазақ буржуазияның таптық мүдделерін қорғады, қазақ халқын революцияшыл Россиядан, орыс пролетариатынан бөліп әкетуде мақсат ееті. Бұл үшін қарулы күштер құру туралы шешім қабылданды. "Алашорда" дербес автономия дегенді желеу етіп, оны Қазақстанда Совет үкіметіне қарсы күресудің басты құралына айналдырды. Буржуазияшыл ұлтшылдар өздерінің контрреволюциялық әрекеттерін бүркемелеу үшін "ұлттық жалауды, ұлт мүдд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>