Вариативный компонент

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>

ліп тұрады. (Бір топтың балалары-жасыл киімде,екінші топ балалары сары киімде).
-Бүгін эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.
-Динара Амангелдіқызы (логопед)
-Айнаш Теңесқызы (тәрбиешінің көмекшісі)
-Бүгін екі топ жарысқа түседі. "Мергендер", "Жүйріктер"-деп оларға ат қояйық.
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 Бөлім: "Таныстыру"
2 Бөлім: "Жарыс түрлері"
3 Бөлім: "Қимылды ойын"
"Мергендер"
Мерген,мерген,мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.
"Жүйріктер"
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін,
Жүйріктерміз біз мықты.
-Ал,қане бір-бірімізді қостаймыз.
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1. Эстафеталық ойын: "Жалауды тез жеткіз"
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіріп,барып қайтады.
2. Қимылды ойын: "Арқаннан секіру"
3. Эстафеталық ойын: "Әтеш сайысы"
Әр топтан 2 ұл, 2 қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.
4. Ойын: "Орамал тастамақ"
5. "Жүйрік ат" Әр топтан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.
6. "Сиқырлы доптар"
Қорытынды:Бүгін міне оң болып,бәріміз жоғары боп күш-жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегің әділқазыларға береміз.
Құттықтап, балаларды "Алғыс хатпен" марапаттау.
-Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз,
Балаларды шынықтырған,жаттықтырған
Балалар бір-бірімізге рахметімізді айтамыз!






Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: