ш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаландым. Арқау жіпті орағаннан кейін, «құстаңдай» жүргіздім. Кілемнің жиектеріне су жүргіздім.
«Елдің ағасы болғанша, судың сағасы бол»деп, суармалы егін егуде судың мәнін жоғары бағалап, қолөнерінде де тоқшылық пен молшылықтың нышаны етіп «су», «ирек», «арық», «тасқын», ою-өрнек түрлері қолданылған. Сондықтан, мен де өз кілеміме «су» өрнегін салдым. Егеменді елімізді тіл көзден сақтасын деген ниетпен «Тұмар» өрнегін салдым. Ортасына «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» деп жазып, Тәуелсіздіктің символы болған Алтын Адамның бейнесін тоқыдым
Мен кілем тоқу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдерді пайдаландым:
Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.
Шалу – керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.
Арқау – еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.
Жіп шалу – кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.
Жіп жалғау – керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау. Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.
Сирексіту – керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі жіптерінің арасын ажырату.
Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшеліктеріне қарай кілемнің түр-түсі, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әр түрлі болып келеді. Қолдан тоқылған
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>