арға қол жеткізумен, Қазақстанда едәуір Корей диаспорасының болуымен және басқа факторлармен сипатталады.
1995 жылғы мамырда және 2003 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен барды. Бұл сапарлар барысында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негізгі принципі туралы Декларацияға, мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылды.
2004 жылғы қыркүйекте Корея Республикасының Президенті Но Му Хённің Қазақстанға мемлекеттік сапары болды.
10 жыл ішінде (1995—2005 жылдар) Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 1,6 миллиардтан астам АҚШ долларын инвестициялады (шетелдік инвестицияның жалпы ағынының 7-ы). Қазақстанда Корей капиталының қатысуымен 339 компания тіркелді.
Екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін шаралар колданылуда. Мәселен, Қазақстан Республикасының жекелеген облыстары Оңтүстік Корея провинцияларымен іскерлік байланыстар орнатуда, бұл орайда екі ел өңірінің салалық мамандануы ескерілді.
Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр. 2004—2005 жылдары осы салада 20-ға жуық келісім жасалды.
2004 жылғы қарашада Астана мен Сеул қалалары арасында бауырластық байланыстар орнатылды61.
Үндістанмен катынастарды нығайту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Қазіргі кезде Үндістан ірі өңірлік державалардың және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты мүшелікке үміткерлердің бірі болып саналады. Экономика және ақпараттық технологиялар саласындағы үлкен жетістіктер бұл елдің халықаралық беделін күшейтуге жәрдемдесті. Үндістан белсенді сыртқы саясатты жүргізуде, блоктарға қосылмау, әскери одақтарға
Страницы: << < 79 | 80 | 81 | 82 | 83 > >>