қатыспау принципіне адалдықты сақтап, іс жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерімен сындарлы қатынасты қолдауда.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Үндістан арасындағы екі жақты қатынастар серпінді түрде дамып келеді. Саяси пікір алысу айтарлықтай тереңдеді, шарттық-құқықтық база елеулі түрде кеңейтілді.
2005 жылғы қаңтарда Үндістанның сауда және өнеркәсіп мемлекеттік министрі И. Илангован бастаған Үндістан сауда делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар қорытындылары бойынша бірлескен кәсіпорындар құру туралы бірқатар келісімдерге қол койылды.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан үкіметаралык бірлескен комиссиясы түрлі салалардағы екі жакты ынтымақтастықты дамытудың және терендетудің маңызды құралы болып табылады.
Қазақстан мен Үндістан айтарлықтай экономикалық әлеуетке ие болып отыр, екі елдің экономикалары бірін-бірі өзара толықтыра түсуде. Қазақстан Үндістанның өңірлік держава ретіндегі өскелең әлеуетін ескереді әрі екі жақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықта елеулі прогреске қол жеткізбек ниетте. Пәкістан географиялық орналасуы, экономикалық әлеуеті, сондай-ақ өңірдегі саяси үрдістерге ықпал ету дәрежесі бойынша Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды әріптестерінің қатарына жатады. Пәкістанның 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғалардан кейін лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақтастықпен белсенді ынтымақтастығы оның халықаралық аренадағы ұстанымын күшейтті. Халыкаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне, нашақорлыққа қарсы күресте Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды болып табылады.
葠摧眎»
B
F
f
v
š
t
x
ž
Страницы: << < 80 | 81 | 82 | 83 | 84 > >>