1 жылға қарай, егемендіктің он жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан өтпелі экономика кезінде пайда болатын проблемалардың көп бөлігін еңсерді. Қоғам өмірі мен экономикалық қатынастардың мына төмендегідей көрінісі қалыптасты. Экономиканың монетарлық деңгейі (ЖІӨ-нің ақша жиынына қатынасы) 1993 жылғы 27,9-дан 1998 жылы 8,6-ға, 1999 жылы 14,4-ға дейін төмендеді. Бұл инфляцияны 1993 жылғы 16,5-дан 1998 жылы 7,1-ға дейін, 1999 жылы 8,3-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді, әйтсе де ол 2000 жылы орташа жылдық есеп бойынша 13,2-ға дейін көтерілді.
Сонымен бірге экономиканың монетарлық деңгейінің төмендеуі кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша берешекті күрт көбейтті. Ел бойынша тұтас алғанда кәсіпорындардың мерзімі өткен кредиторлық берешегі 1995 жылғы ЖІӨ-ге 14,7-дан 1997 жылы 38-ға дейін, 1999 жылы 32-ға дейін көбейді. Экономиканың монетарлық деңгейінің төмендеуі нақты сектор кәсіпорындарының қаржылық жағдайына да салқынын тигізді. 1990 жылмен салыстырғанда 1999 жылы өнеркәсіптегі өндірістің көлемі 50-ға, ауыл шаруашылығында — 45,4-ға, көлік саласында - 74,2-ға, мердігерлік құрылыс жұмыстарында - 97,6-ға қысқарды.
Монетарлық төменгі деңгей және қайта қаржыландырудың жоғары мөлшерлемесі коммерциялық банктердін инвестициялық қызметін төмендетті. Олар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен коммерциялық несие анағұрлым тиімді болып шықты29.
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылғаннан кейін олардың мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына қатысуы көбейе бастады. 1999 жылдың аяғына қарай зейнетақы қорларының активтері 500 миллион АҚШ долларынан асты, бұл олардың мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға қатысуын кеңейтті. Мұның өзі банк капиталының нақты секторды дамыту жобаларын инвестициялауға құйылуы үшін алғышарттар жасады.
Ауыл шар
Страницы: << < 47 | 48 | 49 | 50 | 51 > >>