Төртінші кезеңде меншікті республикалық және коммуналдық меншікке нақты бөлу басты мақсаттағы нұсқамалардың біріне айналды62.
Сөйтіп, Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасының дәйектілікпен іске асырылуы экономиканың жеке меншік секторын тарихи қысқа мерзімде жасақтауға мүмкіндік берді. 2000 жылдың басында 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорын тіркелді, мұның өзі олардың жалпы санының 82-ы дерлік еді. Экономикада жүзеге асқан қосылған құнның 70-дан астамы жеке меншік формасындағы кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Жеке меншік кәсіпорындардың шектеусіз басымдығы экономикалық реформалау барысын қайтымсыз етті, ал экономиканың тиісті салаларындағы нарықтық қатынастар айқындаушы қатынастарға айналды.
Қазақстан экономикасы дамуының үшінші кезеңі шешуші немесе, экономика ғылымы түсіндіріп жүргеніндей — есік ашар кезең болып табылады.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі, Ресейдегі қаржы дағдарысы Қазақстанға да салқынын тигізді. Бірақ 1996 жылдан бастап қатаң монетарлық саясат жүргізудің, төмен деңгейдегі бюджет тапшылығын қолдаудың, жеке меншік секторын дамытудың арқасында және ең бастысы - егемендік алғаннан кейін іс жүзінде тұңғыш рет мемлекеттің көрініс тапқан реттеушілік рөлі арқасында республикада макроэкономикалық тұрактандыруға қол жеткізудің сәті түсті. Экономиканың нақты секторының жоғары қарқынмен жұмыс істеуі үшін алғышарттар пайда болды. Төлем төленбеу, салықтардың индикативтік жоспар шеңберінде түсуі проблемасы шешілді, ауыл шаруашылығындағы күйзеліс күйі еңсерілді, отын-энергетика кешені, басқа да шикізат салалары дамуға бет алды. Кәсіпкерлік қызметті, соның ішінде шетелдік инвесторлардың да кәсіпкерлік қызметін реттейтін, заңнамалық және нормативтік-құқықтық тіректі жетілдіру жалғастырылды. Нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны тұрақталу үрдісін байқатты.
200
Страницы: << < 46 | 47 | 48 | 49 | 50 > >>