Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  45 | 46 | 47 | 48 | 49  >  >>

еңберінде экономикалық үрдістерді реттеудің басқа бір негізгі бағыты болып табылады. Қазақстан экономикасын реттеудің алғашқы кезеңінде бұл салада негізінен нарықтық стандарттарға сай келетін заңнаманы әзірлеуге баса көңіл бөлінді. Салық салу саласында да, нарыққа бағдарланған бюджеттік жүйені құру саласында да нормативтік тірек қалыптасты.
Бюджет саласындағы оң өзгерістер 90-жылдардың ортасында басталды, бұл кезде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру инфляциялық емес әдістермен (мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен) жүзеге асырыла бастады, ал бұл көрсеткіштің мөлшерінің өзі кіріс пен шығыс арасындағы шектен тыс алшақтыққа жол бермеу мақсатымен бақылауға алынды. Бұл кезеңнің салық саясаты да белгілі бір өзгерістермен сипатталды. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың қазыналық (фискалдық) әдісі деп қана қаралмай, сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандыру құралы ретінде де қарала бастады. Ішінара бұл өзгерістер осы уақытта жеке жобалар бойынша ірі кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болды, олардың шеңберінде инвесторлар айтарлықтай салық жеңілдіктерін алды.
Бұл кезеңдегі реформалау бюджет-салық саласында мемлекеттік бюджеттің атқарылуын тұрақтандыру, мемлекеттік бюджет тапшылығының мөлшерін азайту (ЖІӨ-ге қатысты), салық заңнамасын отандық тауар өндірушіні қолдауға қайта бағдарлау сияқты негізгі ерекшеліктермен сипатталды. Салық тетіктері неғұрлым атаулы сипатта қолданылып, белгілі бір салалардың дамуын ынталандыруға бағдарлана бастады.
1998 жылдың аяғында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты түзетіп, жетілдіретін уақыттың жеткені айдан анық болды. Осыған байланысты жекешелендірудің және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.

Страницы: <<  <  45 | 46 | 47 | 48 | 49  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: