ен 1994 жылдың 25 ақпанынан бастап мамандандырылған аукциондарда экспорттық үлестеменің кемінде 30-ын меншік формаларына қарамастан заңды тұлғаларға (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға да) міндетті түрде сату белгіленді.
Ұлттық валютаны нығайту неғұрлым қатал ақша-несие және салық-бюджет саясатын жүргізу қажеттігімен орайластырылды, мұның өзі реформалардың бүкіл жүргізілуі бойына экономиканы тұрақтандырудың өзекті бағытына айналды.
1996 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктерді несиелендіру саясаты біраз өзгерді, олардың көлемі қысқартылды, банк жүйесінің өтімділігін қолдау осы операциялардың негізгі бағытына айналды. Жеңілдікті несие беру және кәсіпорындардың несие алу үшін Ұлттық Банкке тікелей өтінішпен шығуын қарау тоқтатылды. Несие аукциондар, банк аралық нарық арқылы, сондай-ақ ломбардтық негізде орналастырылды58.
1997 жылдан бастап ақша-несие саясатын жүзеге асыру әдіснамасы дамыған елдердің ұқсас стандарттарына сәйкес біржолата қалыптасты және ол Ұлттық Банктің ресми мөлшерлемелерін өзгертуді, міндетті сақтық қор нормаларын белгілеуді, ашық нарықтағы операцияларды және ішкі валюталық нарықтағы басқыншылықты қамтыды. Инфляция қарқынының төмендеуі себепті сыйақының ресми мөлшерлемесі - қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі, ломбардтық несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі, «овернайт» несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесі үйлесімді түрде төмендеді.
1998 жылы ақша-несие саясаты әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жүргізілді және осы жағдайда реттеудің айрықша қажеттіліктерін көрсетті, мұның өзі оның Қазақстанның қаржы секторын қорғауға бағытталған қатаң сипатта болуын талап етті. Соған қарамастан, 1999 жылы ұлттық валютаның еркін ауытқымалы айырбас бағамы режимі қабылданды және ол едәуір құнсызданды.
Салық-бюджет саясаты нарықтық экономика ш
Страницы: << < 44 | 45 | 46 | 47 | 48 > >>