астамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындардын өтінімдері бойынша олар аукционға, конкурстарға қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін берілді. Бұл кезеңде барлығы 4770 субъекті жекешелендірілді, соның ішінде 470 совхоз ұжымдық меншікке қаратылды. Жаңаша тіршілікке көшудің алғашқы кезінде, әсіресе кәсіпорындар ұжымдық меншікке немесе жалға берілген жерлерде күткендегідей нәтиже бермеді.
Жекешелендірудін екінші кезеңі елдегі макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асырумен тұспа-тұс келді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы үш бағыт бойынша жекешелендіруді көздеді:
шағын жекешелендіру — жұмысшыларының саны 200 адамға дейінгі сауда, қызмет көрсету және өнеркәсіп нысандарын сату;
жаппай жекешелендіру, мұнда жұмыс істеушілердің саны 200 адамнан 500 адамға дейінгі кәсіпорындар сауда-саттыққа шығарылды;
жеке жобалар бойынша жекешелендіру, мұнда әңгіме 5000-нан астам адам істейтін кәсіпорындар туралы болып отыр.
Екінші кезеңде бастамашылық жекешелендіру дейтін қабылданбай тасталды. Оңайлатылған тәртіп пен жеткілікті дәрежеде жеңілдікті шарттар пайдаланылды, мұның өзі қысқа мерзімде 6 мыңнан астам нысанды сатуға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің теңгенің ішкі нарықта пайдаланылуын кеңейту, оның айырбастылымдылығы үшін алғышарттар жасау, ақша айналысын тұрақтандыру туралы 1994 жылғы 8 ақпандағы арнаулы Жарлығымен іс жүзінде мемлекеттің қаржы саясатының негіздері мен принциптері айқындалды. Жарлық бойынша Қазақстан аумағында барлық заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіруі жүзеге асырылатын болып белгіленді. Осы Жарлықп
Страницы: << < 43 | 44 | 45 | 46 | 47 > >>