жүйесінің пайда болуына орай нарықтық экономика институттары мен инфрақұрылымды дамыту; бұл жылдары инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар құрылды;
біршама тепе-тең тұтыну нарығын құру;
инфляция деңгейі мен қарқынының қарышты төмендеуімен; алтын-валюта сақтық қорларының еселене түсуімен, бюджет тапшылығының азаюымен сипатталатын қаржылық тұрақтану; бірқатар салаларда өндіріс тұрақтану.
Шаруашылық ортаны түбірімен реформалау меншік қатынастарының түбегейлі өзгеруімен, ақша-несие, салық-бюджет, сыртқы экономикалық, инвестициялық, баға және монополияға қарсы саясат реформасымен орайластырылды. Экономикалық саясаттың нақ осы өзекті бағыттары өзара байланыста және кешенді түрде қоғамның экономикалық негіздерін, оның мақсатқа бағдарлануын, шаруашылықты жүргізудің принциптерін, әдістері мен тетіктерін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Осы үрдістердің принципті түрде жаңалық болуы себепті, әлбетте, белгілі бір бағдарламалар ұсынылатын үлгілер және бірқатар өзекті мәселелерді шешу жолдары әрқашан да бірдей сәтті де тиімді бола бермеді. Алайда тұтастай алғанда, өткен он жылдық қорытындылары бойынша елде экономикалық қатынастардың негізінен нарықтық қоғамның негізгі принциптеріне сай келетін жүйесі қалыптасты.
Нақты меншік иелерінің жігін құру, экономикаға инвестиция тарту және экономиканы басқарудың халықаралық тәжірибесін алу үшін елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылданды.
Мемлекет меншігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңінде (1991—1992 жылдар) саудада, қызмет көрсету, көлік саласында, құрылыста, ауыл шаруашылығында, инфрақұрылымда мемлекеттік меншіктің шағын және орта нысандары қайта құрылды. Оның үстіне жекешелендіру, былайша айтқанда, б
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>