Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  36 | 37 | 38 | 39 | 40  >  >>

л жүйесінен және орталықтандырылған жоспарлаудан бас тартуды, оны шаруашылықты жүргізудің жеке меншікті субъектілермен ауыстыруды талап етеді. Мемлекет жеке меншікке негізделген әлеуметтік-нарықтық шаруашылықты құру, шетелдік инвестицияларды тарту, экономиканы басқарудың халықаралық тәжірибесін жинау бағытын ұстанды. Экономиканы ырықтандыру барлық аялар мен салаларда түбегейлі кұрылымдық және институттық қайта құрумен ұштастырыла жүргізілді. 90-жылдардағы түбегейлі реформалар егеменді жас мемлекеттін негіздерін қалау әрі нығайтумен және қайта құрудың алдындағы жылдардың өзінде-ақ басталған терең экономикалық дағдарысты еңсерумен қатарласа жүргізілгенін айта кету керек. 70-80-жылдары шаруашылық тетікті жетілдіру, бөлу жүйесінің мүмкіндіктерін әкімшілік жолмен шектеуді еңсеру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық принциптеріне арналған алғашқы бағдарламаларда негізі қаланған тауар өндірушілердің құқықтары мен бастамаларын кеңейту жөніндегі қолға алынған әрекеттер іске аспай қалды. Ресейден кейін экономика мен қаржыны басқарудың монетарлық үлгісін сынамай қабылдауына сәйкес нарықтық реформалар бағаны ырықтандырудан басталды. 1992 жылдың 6 қаңтарында тауарлардың көтерме сауда бағасының 80-ына жуығы және тұтыну бағасының 90-ы мен көрсетілетін қызметтердің көп бөлігінің тарифтері еркін болды, нарықтық сұраныс пен ұсыныс бойынша айқындалды. Қолма-қол ақшаның жетіспеуі жағдайында бағаны босату бағаның күрт өсуіне, өндіріс саласында да, тұтыну саласында да инфляцияның бұрын-сонды болмаған қарқынмен өршуіне әкеп соқтырды. Тұтыну бағасының индексі 1992 жылы — 3060, 1993 жылы – 2265 көрсеткішін құрады24.
Бағаны тежеу және оны бірте-бірте төмендету үшін бюджет тапшылығын жедел қысқартуға және бюджет шығысын тежеуге бағытталған қатал қаржы-бюджет және ақша-несие саясаты іске қосылды

Страницы: <<  <  36 | 37 | 38 | 39 | 40  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: