Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>

ында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы, Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8,2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мам

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: