алып келген ядролық қуаттан бас тарту 1994 жылы желтоқсанда Ресей, Англия және АҚШ-пен бірге "Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа Қазақстан Республикасының қосылуына байланысты Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойылуы арқылы заңдастырылды. Біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдікті Қытай мен Франция да берді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы әскерден, Әскери - әуе күштерінен және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды.
1993 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әскери–теңіз Күштерін құру туралы» Жарлығы шықты. Республиканың Әскери-Теңіз Күштері құрамына 1-рангілі капитан Исламовтың басшылығымен алғашқы болып кірген 8 теңіз офицері басты база ретінде Ақтау портын таңдап алды. 1- рангілі капитан Р. А. Қомратов әскери – теңіз базасының командирі, кейінірек Әскери–Теңіз күштерінің қолбасшысы болып тағайындалып, тұңғыш қазақ контр-адмиралы болды.
1994 жылы 14 мамырда Әуе шабуылынан қорғаныс және Әскери-әуе күштері әскерлерінің республикалық әуе кеңістігін қорғау кезіндегі олардың өзара біріккен қимылдары мәселесі бойынша командалық-штабтық жаттығуы болды. Сол жылдың 15 тамызында Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен гвардиялық гарнизон бөлімдерінің кешенді командалық-штабтық жаттығуы өтті. 1995 жылы 3-7 қыркүйек аралығында Гвардейский поселкесінде кешенді жазғы-тактикалық жаттығу болды. Бір жылдан соң, 1996 жылы 13 қыркүйекте Әскери-әуе күштері бөлімдерінің жауынгерлік дайындығын тексеру және авиацияның, әскердің басқа түрлерінің бөлімдерімен өзара үйлесімді қимылдарын байқау мақсатында жаңа жаттығу өткізілді. Оларға қатысқан Н. Ә. Назарбаев тиісті қолбасшыларға Қазақстан Республикасы Әскери-әуе
Страницы: << < 28 | 29 | 30 | 31 | 32 > >>