андандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды32.
1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.
Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бір партиялық жүйе жойылып, саяси плюрализмге конституциялық негізде мүмкіндік берілді. Қоғамдық өмірді либерализациялау бір уақытта көппартиялық жүйені қалыптастырды. Көптеген азаматтық-қоғамдық ұйымдардың арқасында партиялық плюрализмнің дамуы елімізде саяси партиялар санының өсуіне көмек берді. Алғашқы кезден-ақ Нұрсұлтан Назарбаев көппартиялық жүйенің қалыптасуын қалады. Жалпы, қай кезеңдерде болмасын партиялық құрылым мәселесі мемлекет басшысының басты назарында болып келді. 1990 жылдың күзінен 1995 жылдың аралығында партиялық құрылымның бастау кезеңі болды. Сөйтіп, Қазақстанның саяси кеңістігінде алғашқы партиялық ұйымдар пайда болды. Атап айтқанда, Қазақстанның Социалистік партиясы, Халықтар бірлігінің одағы партиясы, бұл партия кейінірек 1994 жылы Ұлттық бірлік партиясы болып өзгерді. Сондай-ақ, Қазақстанның Халықтық конгресі партиясы дүние
Страницы: << < 31 | 32 | 33 | 34 | 35 > >>