Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>

ге келді. Басында Ұлттық бірлік партиясы билік партиясы ретінде құрылған болатын. Ол көптеген саяси күштер бірлестігін біріктіру негізінде құрылған еді. Ал, Қазақстанның Халықтық конгресі партиясы парламенттік партия негізінде болды. Бұл жүйеде типтік партия лидерлері жұмыс істеді. 1994 жылдың күзінде ХКП өзінің шарықтау шегіне жетті. Онда Олжас Сүлейменов Болу керек деген нақтылы баяндамасын жария етті. 1995 жылдың наурыз айында пленум өзінің кезекті съезін шақыруға шешім қабылдады. Оның күн тәртібіне ҚР Президентінің сайлауы алдындағы партияның іс-әрекеті деген мәселе енгізілді. ХКП-ның 3-і съезінде жаңа бағыт, яғни оппозиция мен мемлекеттік билік арасындағы өзара байланысты жақсартудың жаңа жолдары белгіленді.
Осы аралықта партия өзінің негізгі алғышарттарын жасап, 1994 жылы Жоғарғы Кеңестің ХІІІ шақырылымы бойынша сайлауға қатысты. Бір ай өткен соң оппозициялық партиялар Республика қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесіне бірікті. Партиялық құрылымның келесі кезеңінде, яғни 1995 жылдың желтоқсан айында, республика Парламентінің сайлауына 30 партия мен қоғамдық қозғалыстар қатысты. 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды. 1996 жылы Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер жөнінде арнайы Заң қабылданды11.
Партия жүйесін дамытудың келесі кезеңі 1999 жылдың көктемінен 2001 жылғы күздің аралығында жүрді. Осы кезеңде Қазақстан Кеңес Одағынан қалған түрлі қиыншылықтардан сүрінбей өтті. Реформа ең алдымен билік басындағылардың қызметін жақсартуға бағытталып, партия құрылысы мен парламентаризмнің пәрменділігін тереңдетуге бағытталды. Қорытындысында ҚР Конституциясына Парламенттің өзгерістер мен толықтырулар енгізуі, жалпы Қазақстанның сайлау жүйесін пропорционалды, яғни партиялық тізіммен сайлауды ұсынды. Бұл ретте Мемлекет басшысы өзінің сөзінде саяси партиялардың

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: