Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>

рмен терезесі тең мемлекет ретінде мемлекеттік шекарасын айқындауы әлемнің назарын өзіне аударып, осы аймақта орын алған геосаяси өзгерістер терең зерттелінді.
Тәуелсіз Қазақстан үшін елдігін, мемлекеттігін, территориялық тұтастығын сақтай отырып, басқа мемлекеттермен терезесі тең деңгейде байланыстар жасау аса маңызды.
Кеңес өкіметі ыдыраған соң жаңа пайда болып, тәуелсіздігін алған жас республикалар мен Ресей арасында шекаралар туралы әр түрлі деңгейдегі әңгімелер қозғала бастағаны белгілі. Әсіресе, Қазақстан шекараларына Ресей тарапынан көз алартушылар кездесіп жатты. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында орыс халқының, орыс тілділердің басым екенін желеу етіп, жас республиканың тұтастығын бұзғысы келгендер де болды.
Қазақстан басшылығының алдында Қытай сияқты ірі әрі бірегей мемлекетпен жаңа қарым-қатынастар орнату міндеті тұрды. Мұндай үлкен әскери мүмкіншілігі бар күштердің назарының бір жерге түйісуі Қазақстанның шекарасы мен қарулы күштерін нығайтуды қажет етті.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылы 3 қаңтарда орнады. Екі ел үкіметтері егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, тендік және өзара тиімді байланыс орнатуға, сондай-ақ бейбіт өмір сүру принциптері негізінде екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамытуға келісті.
Қазақстанның шығыс көршісі Қытай Халық Республикасы арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 1782 шақырымды құрайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өз территориясын, мемлекеттік шекарасын анықтай бастады. Еліміздің солтүстік-батыс шекарасымен шектесіп жатқан Ресей Федерациясымен алғашқы күннен бастап мемлекеттік шекараны анықтау үшін келіссөздер жүргізіле б

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: