әйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол – өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уалиханов19.
Мемлекеттік Ту мен Елтаңба жөніндегі арнайы заңда Қазақстан Республикасының азаматтары ту мен елтаңбаны құрметтеуге міндетті екендігі атап көрсетілді. 1992 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасы Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заң, кейіннен – Әнұран мәтіні қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады.
Ел рәміздерін қабылдау – аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді.
Ұлт пен мемлекеттің дамуы мен болашағына үлкен әсерін тигізетін және оның қауіпсіздігі мен ұлттық идеологиясының жандануына тікелей байланысты мәселердің бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қалыптасуы60.
Ата-бабаларымыз жердің құндылығын, қасиетін, оның халыққа береке, тіршілік, өсіп-өніп көркею әкелетіндігін ерте кезден-ақ біліп, оған үлкен жауапкершілікпен қараған. Олар жердің халыққа, әсіресе қазақ елінің ата кәсібі – көшпелі мал шаруашылығында аса қажет екендігін тереңінен түсінгендіктен, жерді аса қадірлеп, әр кезде оны жанын аямай қорғауға тырысқан.
Бүгінгі танда, кеңестік империясының ыдырап, ұлттық республикалардың тәуелсіздік алуы, еліміздің басқа мемлекетте
Страницы: << < 23 | 24 | 25 | 26 | 27 > >>