Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

нша «Қазақ КСР-і өз аумағында Республиканың егеменді құқықтары мен Конституциясын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын тоқтата тұруға құқылы» делінген болатын. Қазақ КСР-інің аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарын үстемдігі орнатылды. Басқаша айтқанда, Декларация Қазақстанның дербес Конституциялық заңнамасына негіз қалады8.
Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкімет органдары Декларация қабылданғанға дейін КСРО мемлекеттік өкімет органдарының құрамдас бөлігі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінен бастап селолық, ауылдық Кеңестерге дейінгі Кеңестердің барлық буындары мемлекеттік өкіметтің бірыңғай жүйесін құрады. Кеңестер жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдардың дербес ұйымы туралы айтылмады. Декларацияда «Қазақ КСР-і Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселерді дербес шешеді, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының құрлымы мен құзыретін айқындайды» деп жазылған. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік өкіметтің бірлігі принципі орнықтырылды. Бүкіл мемлекеттік билік Қазақ КСР-інің саяси негізін құрайтын халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асырылды. Барлық басқа мемлекеттік органдар Кеңестердің бақылауында және оған есеп беріа тұратын болды. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік өкімет билігін бөлу туралы әңгіме де болған жоқ. Декларацияда болса: «республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады» деп жазылған.
1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы қабылданды. Заң конституциялық деп ата

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: