Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

алды. Жоғарғы Кеңес пен халық депутаттарының жергілікті Кеңестері мемлекеттік өкіметтің жоғарыдан төменге дейінг барлық органдарын (азаматтар сайлаған аудандық соттардың судьяларынан басқа) жасақтағандықтан, Қазақстанда Кеңестер жүйесін жою мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің бұрынғы кеңестік қағидатынан бас тарту дегенді білдірді, мұның өзі оларды түбімен қайта құруға жеткізді. Ескі аппаратты ығыстыру ерекше әлеуметтік-саяси шиеленіссіз, жаңа конституциялық құжаттар негізінде және соларға сәйкес жүргізіледі5.
«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» бірінші конституциялық акт болып табылады. ҚазКСР-інің 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен Қазақстан Республикасы болып қайта аталуына байланысты құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» деген атауға ие болды. Қазіргі кезде Декларацияны бағалауда екі ұстаным орын алып отыр. Біреулер: ол Қазақстанның мемлекеттік құрылысына қандай да болсын елеулі өзгерістер енгізген жоқ, сондықтан тәуелсіз және социалистік емес мемлекет идеялары баяндалған акті болып есептеле алмайды деп пайымдайды. Екінші біреулері Декларация тәуелсіздікті және мемлекет дамуының социалистік емес жолының бастауын қалады. Құжатта социалистік федеративтік мемлекеттің принципін, ұйымдастырылу тәртібі мен қызметін теріске шығарған ережелер баяндалған және ол бұрын орын алмаған тың жаңалықтарды ұсынды деп есептейді.
Декларация Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігін жариялады. ҚазКСР-і 1978 жылғы ҚазКСР Конституциясы бойынша заң жүзінде егеменді мемлекет болды, алайда ҚазКСР-інің егемендік құқықтары КСР Одағының егемендігімен шектелді. Конституцияның 73-бабында «КСРО заңдарын ҚазКСР-інің аумағында орындау міндетті» деп атап көрсетілген. Ал Декларация бойы

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: