Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

ардың шешімімен аумақтың өзгеруі мүмкін болды (мысалы, Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі кезінде Қазақстан халқының келісуінсіз Өзбек републикасына берілді). Қазақ КСР Конституциясы КСРО Конституциясының көшірмесі дерлік еді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар одақтық заңдардың негізінде әзірленді. Қазақ КСР Үкіметі өзінің қызметін демократиялық централизм принципі бойынша, яғни одақтық үкіметке сөзсіз бағыну негізінде жүзеге асырды. Қос азаматтық-республиканың және КСР Одағының азаматтығы қабылданды. Мемлекеттіліктің басқа да нышандары одақтық мемлекетке ұқсас болды. Шын мәнінде Қазақ КСР-ін мемлекет, дербестігі, тәуелсіздігі және егемендігі бар саяси ұйым деп есептеуге негіздеме жоқ еді1.
КСР Одағы ыдырағаннан кейін ғана Қазақ КСР-і дербес, егеменді мемлекетке айналды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап бес жыл бойына мемлекеттіліктің негізгі нышандарының қалыптасу барысы жүрді. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Еуразия құрлығының ұлан-байтақ аумағында социалистік деп аталған бір мемлекеттік-құқықтық жүйе сапалы әрі мазмұнды өзге бір мемлекеттік-құқықтық жүйемен ауысты. Бұл КСР Одағы ыдырағаннан соң және бұрынғы одақтас республикалардың негізінде дербес егеменді мемлекеттер құрылғаннан кейін жүзеге асты. Бірнеше жылдың ішінде тарихта өте сирек кездесетін екі оқиға орын алды. Біріншісі, құдіретті астам держава деп есептеліп келген одақтас мемлекет бір сәтте құлады. Соған сәйкес ескіні ысырып, оның орнына жаңа тұрпатты мемлекет пен жаңа құқықтық жүйені жасақтаудың объективті қажеттігі пайда болды.
Қазақстанда социалистік мемлекет аппаратын ығыстыру бірнеше жылдар бойына өтті және негізінен 1993 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің өзін-өзі таратуымен және халық депутаттары Кеңесі жүйесінің жойылуымен аяқт

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: