Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

йына, жеткен жетістіктеріне байланысты жүргізілген іс-шараларды қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Алға қойған мақсаты мен міндеттерге байланысты дипломдық жұмыстың құрылымын кіріспе, үш бөлім, қорытынды, глоссарий, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, кысқартылған сөздер тізімі және қосымша мәліметтер құрайды.


1 Егемен Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ішкі саясатының негізгі бағыттарының айқындалуы
1465-1466 жылдары негізі қаланған қазақ халқы бостандықты сүйіп өскен халық. Халқымыздың өмірі бостандық үшін күреспен өтті. Жоңғар шапқыншылықтарынан орны толмас қасірет көрген халық Ресей патшалығының отарлық езгісіне тап болды. Үш жүз жыл бодандықта болған халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті.
Қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеті – бірегей тарихи оқиғалардың барысында қалыптасты. 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін Қазақстан аумағында саяси автономия – Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы дүниеге келді. Одақ құрамындағы Қазақ Республикасы 1937 жылғы Конституция бойынша жұмысшы және шаруа социалистік мемлекеті болып есептелді. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында ол «жұмысшылардың, шаруалардың және интеллегенцияның, республиканың барлық ұлттары еңбекшілерінің еркі мен мүдделерін білдіретін социалистік жалпыхалықтық мемлекет» деп жазылды. Осы айтылғаннан Қазақстанның КСРО деп аталатын мемлекет ішіндегі мемлекет саналғаны айқын көрінеді. Одан әрі мемлекеттің таптық мәні атап көрсетілді. Қазақстанды мемлекет деп тану үшін негізгі ресімді белгілері, атап айтқанда өз аумағының, Жоғарғы Кеңесінің (Парламенттің), Үкіметтің, сот жүйесінің, азаматтықтың және мемлекеттік рәміздердің болуы сақталды. Іс жүзінде одақтық органд

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: