Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

рнайы-тарихи әдістер кешені қолданылды: тарихилық, жүйелілік, салыстырмалы талдау мен жинақтау.
Жұмыстың орындалу барысында деректемелік іздестіру мен зерттеу әдістемелік тәсілдерін пайдаланып, диплом жұмысының жазылуына негіз болған зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып отырған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі өміріне текстологиялық және тұжырымдамалық талдау жасалды. Зерттеу мақсатына жету үшін статистикалық, суреттемелік, жан-жақтылық, салыстырмалық әдістер кеңінен қолданылды.
Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы мұрағаттарының қорларында сақталған құжаттар мен кітапхана қорында сақталған мерзімді баспасөздегі материалдар, ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасы туралы 1991-2012 жылдар аралығында шыққан еңбектер кеңінен қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыстың жаңалығы аталған тақырып бойынша осы уақытқа дейін жазылған мақалаларды жүйелеп, талдап ғылыми айналымға енгізілуінде.
-тарихтың «ақтаңдақ» беттеріне объективті методологиялық тұрғыдан баға беру, сараптамадан өткізу.
-Тәуелсіз Қазақстан тарихының проблемалық кезеңдерінің өзекті мәселелеріне, тұжырымдамаларына қазіргі ғылыми талапқа сай талдау жасап, шынайы баға беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми-қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Отан тарихынан» лекция курстары мен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барсында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі 1991-2012 жылдар аралығы болып белгіленді. Жұмыста аталмыш жылдар аралығында Тәуелсіз Қазақстанның алғаш қадамдарына, жүргізген саясатына, экономикалық дамуына, әлеуметтік жағда

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: