Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  157 | 158 | 159 | 160 | 161  >  >>

жылдар бойы өз жерінде қағажу көрген қазақ ұлтының дамуы мен орыс және басқа да этностардың құқықтарын сақтау саясаты ұлтаралық қарым-қатынастың тепе-теңдігін орнықтырды. Жүзден астам ұлт өкілдері тұратын республикада шиеленісті жағдайлар мен тұрақсыздық тудыруға әрекеттенгендер де, ұлтаралық факторларды пайдаланғысы келетіндер де табылмай қоймайды. Мұндай жағдайға да мемлекетіміз лайықты жауап таба білді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, оны жетілдіру, оны басқа елдерге үлгі ету толеранттылығымыздың көрінісі болды.
Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда.
Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Осы жылдары әлемнің 138 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Қазақстанның жаһандық және өңірлік экономикалық үрдістерге ықпалдасуы үшін қажетті алғышарттардың негізі қаланды, сыртқы саясаттың басым бағыттары таңдап алынды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы сияқты ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, бала биден дана биге айналып, төрелік айтып, төріне шықтық. Мемлекетіміз Батысқа да, Шығысқа да бірдей танылып, бірдей құрметке ие болуда.
2011 жыл – Тәуелсіздік тарихының жиырма жылдығы. Бұл жыл аз ғана мерзімде қол жеткізілген табыстар мен жетістіктерді, ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтар межесінде Еуразия құрлығының ортасында орын тепкен әлемнің мықты елдерімен бәсекелесе алатын деңгейге жеткен Қазақстан атты мемлекетті әлемге тағы да бір танытатын жыл болды.

Страницы: <<  <  157 | 158 | 159 | 160 | 161  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: