Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  159 | 160 | 161 | 162 | 163  >  >>

інде егемендігін паш еткен еркін елге айналдық.
Тәуелсіз ғұмыр, еркіндікпен өткен 20 жыл – бұл бүгінгі Қазақстанның жаңа келбетін асқақтатып отыр. Осы жиырма жылда ел де, мемлекет те, ұлт та жаңғырып, қайта құлпырды.
Қазақстан халқы мақтан ететін жасампаздық істер барлық өңірде бар. Олар еліміздің қуатты ел екенін көрсетеді. Біздің облысымыз да басқа өңірлер сияқты ел экономикасының дамуына жылдан-жылға үлкен үлес қосып келеді.
Тәуелсіздіктің бірнеше рухани көпірі бар. Тіл – бір көпір болса, Сенім – сара көпір, Тарих – алтын көпір, ал Болашақ – барды көтерер нар көпір. Сондықтан да, осы 20 жылда терең тамырымызға оралып, тарихымызды бүтіндеуге ұмтылдық. Болашаққа деген сенімді жүрегімізге серік еттік.
Бүгінгі ұрпақ бабаларымыздың аманаты – Тәуелсіздік киесін құрметтеп, мерейімізді арттырып, мәртебемізді өсірген еркіндіктің қадірін бағалай білуге, сол арқылы ұлт пен тарих алдындағы жауапкершілігін жете сезінуге тиіс.
Ұлы Мұхтар Әуезов кезінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп терең ой тастаса, халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген ақылды сөз бар. Егер тәуелсіз мемлекеттің іргесін берік бекемдеуді әрбір отбасы, әр азамат өзінің Отан алдындағы борышы деп санап, Елбасының еліміз үшін атқарып отырған ұлан-ғайыр тірліктеріне тілектес бола білсе, егемен еліміздің ертеңі жарқын болары сөзсіз.
Елдің еңсесін көтеруді, Қазақ мемлекетінің әр азаматын қорғауды басты бағдар етіп алған елдің болашағы қашанда жарқын болмақ.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Назарбаев Н. Ә. «Тарих толқынында», Алматы-2003.
Назарбаев Н. Ә. «Сындарлы он жыл», Алматы-2003.
Назарбаев Н. Ә. «Ғасырлар тоғысында», Алматы: Өнер, 1996. 272 б.
Назарбаев Н. А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех к

Страницы: <<  <  159 | 160 | 161 | 162 | 163  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: