Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  155 | 156 | 157 | 158 | 159  >  >>

йқын дәлелденді.
Халықтың кешегі жұмыссыздық жаппай белең алып, жарық пен газсыз, зейнетақы мен жалақысыз қиналған ауыр күндері артта қалды. Сол уақыттың өзінде ел Тәуелсіздігі – тұралаған өндіріс пен ауылды, мәдениет пен білімді ұлттық сипатта қайта жаңғыртуға бағыттады. Жаңа реформаларға батыл қадам жасауға, ең бастысы, адам психологиясын жаңаша өмір сүруге жұмылдырды. Сондай сәттерде ұлтымыздың бойында біткен қанағатшыл қасиетінің өнегесі мен сабырлы қалпы жас Қазақстан мемлекетін үлкен жетістіктерге жеткізді.
Еліміз осы жиырма жылда қарыштап дамыды. Экономикада, мәдениетте, ғылымда әлем елдерін таңдандырған жетістіктерге жетті.
Кейде жақсы мен жаманды салыстырудың керек тұстарының барын айта кету керек деп ойлаймын. Өйткені, шынайы ақиқат салыстыру арқылы көрінеді. Біз Кеңес одағы құлағаннан кейінгі тоқсаныншы жылдарды еске түсіріп, 20 жылға кейін шегініп көрейікші. Көз алдымызға тоқыраған өнеркәсіп орындары, зауыттар, қираған колхоз-совхоздар, сыйқы кеткен ауыл, елді мекендер келеді. Бұзылған балабақшалар, мәдениет ошақтары, театрлар, кітапханалар жабылып, халық өмірін мүлдем қиындата түсті. Оған қоса дүкендер мен базарлардағы ұзын-сонар кезектер пайда болды. Қазір осылардың бірі жоқ. Бүгінде гүлденіп, дамып келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін көреміз. Өткен өмірдің қиындықтары бүгінде ұмыт бола бастады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы осындай әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жеңу оңайға соққан жоқ. Елді бір идея, айналасына топтастырып, татулық пен тұрақтылықты ту етіп, халықты алға бастауда көрегендік танытқан Президентіміздің еңбегі ерекше.
Осылайша, аға ұрпақ өкілдері бас болып Тәуелсіздік туын алға апарса, кейінгі ұрпақ дана ұлттың көшін одан әрі көркейтуге күш салды. Өйткені, Тәуелсіздік – ел биіктігінің бейнесі, байлығымы

Страницы: <<  <  155 | 156 | 157 | 158 | 159  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: