Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  156 | 157 | 158 | 159 | 160  >  >>

здың белгісі, алыптығымыздың айнасы, татулығымыздың тірегі. Біз қалай айтсақ та тарих әр нәрсені өз орнына қояды.
Тәуелсіздік алуымызбен тарихымызды таныдық. Шығармалары зынданға түскендей болған арыстарымыздың ақтаңдақ беттері ашылды. Тарихымыз қайта жазыла бастады. Әсіресе, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны жүрегі қазақ деп соғатын әр адамды қуанта алғаны даусыз. Әр өңір, әр кәсіпорын іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге талпыныс танытуын ана тілімізге құрмет деп түсінген жөн. Мұның бәріне тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырмыз.
Тәуелсіздік таңы ұлтымыздың аса бай рухани құндылықтарын ортамызға әкелді. «Алтын адам» бейнесінен бастап, тарих керуені жүріп өткен жол бойындағы ұлттық құндылықтарымыз қайта оралды. Өткенімізді тану мақсатында өмірге келген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы өз жемісін берді.
Осы жылдары сонау қиын-қыстау кезеңде елі мен жерінен еріксіз бөлініп, сырт айналып кеткен ағайындар өмір бойы аңсаған Атажұртына қайта оралу бақытына ие болды. Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары елімізді әлемге ашық танытқан тұстардың бірі – көпұлтты және көпконфессиялы отандастарымыздың өзара достығы болды.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал.
Бүгінде ұлттық идеяға айналған өзара келісім мен бірлік, татулық пен достық – елімізді мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің жүрегінің түбінен орын алды. Түрі бөлек болса да тілегі бір жұрттың бар ойы: достыққа – адал, қонағына – меймандос, жомарт пейіл қазақ халқына деген шынайы көңілімен өлшенді.
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап ұлтаралық келісімді, ел бірлігін мемлекет саясатының басты қағидаты ретінде белгіледі. Ұзақ

Страницы: <<  <  156 | 157 | 158 | 159 | 160  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: