Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы мерекелік шаралар мен салтанат өткізетін жыл ғана емес. Бұл Қазақ елінің жасампаздық пен тұрақтылықтың, әлемге үлгі боларлық тәжірибесі мен үлгісін, экономикалық өрлеуі мен әлеуметтік саясатының, қазақстандық өзіндік даму жолының дұрыстығын паш ететін жылы болды.
Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Қазақстанның дамуы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асырылып келе жатқандығы және де солардың ішінде барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан-2030» Стратегия басты орын алып отырғандығына орынды баға берілді. Елбасының Қазақстанның өзіндік даму жолын сәтті қалыптастыра білуі біздің бар табыстарымыздың басты бір кепілі болып отырғандығы да дау туғызбайтын күдіксіз ақиқат. Сонан да болар ел дамуының алға қойылған міндеттерін жоспарлы түрде және біртіндеп іске асыруға мүмкіндік беретін басты айқындықтары мен басымдықтары еліміздің бағдарламалық негіз құрайтын құжаттарында және Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында көрініс тауып келеді.
Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы.
Қандай заман болсын, белі майысса да беті ашық, қиындыққа жолықса да жігері жарқын қазақ халқы ертеңі мен кемел келешегіне деген сенімін жоғалтқан жоқ. Біз – ары мен намысы үшін жанын садаға еткен текті халықтың ұрпағымыз. Біз – ата дәстүр жол болған, үлкеннің сөзі жөн болған, алтындыұнтақ, асылды жұрнақ етпеген халықтың ұрпағымыз. Біз осылайша, өркениет әлем
Страницы: << < 158 | 159 | 160 | 161 | 162 > >>