ан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жыл. Сол сәттен бері, талай буын көксеген ел мұраты ақталып, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Сонымен қатар, осы жылдары елімізде демократия негізінде көп партиялы жүйе орнығып, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артты. Ал қазақ халқы осындай игі істердің ұйытқысы бола білді.
Тәуелсіз Қазақстан үшін елдігін, мемлекеттігін, территориялық тұтастығын сақтай отырып, басқа мемлекеттермен терезесі тең мемлекет болу аса маңызды болды. Тәуелсіздік жылдары еліміздің шекарасы бекемделді. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті нығайды, еркіндік пен демократиялық жолмен ішкі және сыртқы саясатымыз дами түсті.
Өткен жиырма жылда Ұлы Даланың терең философиясынан бастау алар Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Мемлекеттік Туымыз бен Елтаңбамыз биіктей түсті. Халқымен арасы ажырамаған «Менің Қазақстаным!» әні ел Гимніне айналды. Қос палаталы кәсіби Парламент елімізде заңдар қабылдау жүйесін қалыптастырды.
Ұлттық теңгеміз қолданысқа енді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен а
Страницы: << < 154 | 155 | 156 | 157 | 158 > >>