Сәбденнің «ХХІ ғасыр табалдырығындағы өтпелі кезеңнің экономикалық саясаты» атты еңбегі мемлекеттің өтпелі кезең жағдайындағы экономикалық саясатының өзекті проблемаларына арналған. Онда жинақталып үлгерген тәжірибе қорытындыланады, елдегі қайта құру үрдісін дамытудағы оң және теріс бағыттарға талдау жасалады.
Осы орайда К. Н. Бұрхановтың, Б. Ғ. Аяғанның, Б. К. Сұлтановтың «Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихы (1985-2006)» атты ұжымдық еңбектерін атау маңызды болып табылады. Онда тарихи деректерді кең ауқымда тарту негізінде Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихына талдау жасалады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Егемен еліміздің тарихын зерттеп, оның ішінде мемлекеттің дамуын, алға қойған мақсаттарына жетуін, дүниежүзімен орнатқан бейбіт қатынастарын, әлемде ойып тұрып өз орнын алуын зерттеп жүйелі түрде бір жұмыс ретінде таныстыру. Мерзімді басылымдардағы тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық мақалалардың, еңбектердің, монографиялардың, ғылыми жұмыстардың ерекшеліктері мен сипатын, деректемелік, тарихнамалық маңызын көрсету және тәуелсіздік алғаннан бері, қазіргі таңдағы тарихи оқиғаларға, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен жетістіктердің өзекті мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерді саралау арқылы олардың ғылыми құндылығын, маңыздылығын анықтау.
Зерттеудің нысаны. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл ішінде саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне, ерекшеліктеріне арналған іргелі зерттеу еңбектеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізіне тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу қалыптасқан қазіргі кезеңдегі объективтілік және сыншыл талдау мен сараптау принципі алынды. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіз жылдарын зерттеуге мүмкіндік беретін жалпығылыми және а
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>