Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  142 | 143 | 144 | 145 | 146  >  >>

к берді67.
2009 жылғы ақпанның басында Ұлттық Банк теңгені 25-ға девальвациялау туралы қабылданған шешімді іске асырды. Бұл макроэкономикалық жағдайды жақсартып қана қоймай, сонымен бірге елден валютаның әлі де көп көлемде жылыстауына кедергі жасады. Бұл орайда 2009 жылы бүкіл елде негізінен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасын іске асырумен ерекшеленгенін атап айтуға болады. Құлдырау орын алған басқа салаларда қысқартылған жұмыскерлер «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеді. Жүз мыңдаған маман қайта даярлаудан өтті. Осының нәтижесінде 400 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Республикалық және өңірлік маңызы бар жолдар жөнделді. Әлеуметтік объектілер жөнделді немесе жаңадан салынды. Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы өз нәтижелерін берді. Атқарушы билік 2009 жылы инфляцияны тежеу жөнінде нәтижелі жұмыс жүргізді: жәрмеңкелер пайда болды, ауыл шаруашылығы мен қалалық тұтынушылар арасындағы делдалдық жойылды. 2009 жылдың нәтижелерін қорытындылай келе Президент аткарушы биліктің әлемдік дағдарыс кезіндегі жұмысына оң баға берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында былай деп атап кетті: «Жол картасы — 2009» бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. . . 2009 жылы экономиканың артуы 1,1-ды, өнеркәсіпте 1,7-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» жаттық. . . Ұлттық қордың арқасында біз дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп қана қойған жоқпыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сат

Страницы: <<  <  142 | 143 | 144 | 145 | 146  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: