Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  137 | 138 | 139 | 140 | 141  >  >>

і, сондықтан рентаның көлемі жылдан-жылға көбейе бастайды. Ол банк шоттарында жата алмайды және ел дамудың инновациялық жолына көшкен кезде пайдаланылуға тиіс. Шикізат пен энергия тасымалдағышқа ішкі қажеттілікті қамтамасыз ететін бай табиғат ресурстары, дамыған ғылыми-техникалық әлеует, ғылымды қажет ететін өнімді шығару үшін өндірістік қуаттардың болуы — Қазақстанның ертеңгі күні. Оның үстіне қазіргі жағдайда халықтың әл-ауқатының өсуіне және соған тәуелді зияткерлік әлеуетке, тәні сау және адамгершілік тұрғысынан салауатты ұлтты жасақтауға ерекше ден қойылды. Оқу-білім, ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік т. б. , яғни — елқұрылысының басты жетекші нәрсесі елдің бәсекеге қабілеттілігінің қозғалтқышына айналады. Ал мұның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық реформалаудың ілгерішіл, бірегей, қазақстандық үлгісін іске асыруға, сөйтіп халықаралық шаруашылық жүргізудің алдыңғы сапына жылжуға барлық мүмкіндігі бар деген сөз.
2009 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанның ІЖӨ 1,1 -ға көбейді.
2009 жылы халыққа міндетті бюджеттік төлемақы 25-ға ұлғайды, мұның өзі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдемдесті.
2010 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары: өнімнің жылдық ішкі өсімі алғашқы үш айға бөлгенде 6,5-ды құрағаны үміт күттіреді. Кен өндіруші өндіріс, өндеуші сала, көлік шамамен 11 -ға өсті, сондай-ақ былтыр халыққа міндетті бюджеттік төлемақы 25-ға көбейеді. Бұл күндері Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың 2010—2020 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда, мұның өзі «бұның бәрі қалай жүзеге асырылды, әлемдік қаржы дағдарысы еліміздің экономикасына қалай ықпал етті?» деген сұрақтарға жауап болып табылады.
Бір нәрсе айдан анық, дағдарыс Қазақстанды да орағытып өткен жоқ. Құлдырау мен қысқарудың да орын алғанын мойын

Страницы: <<  <  137 | 138 | 139 | 140 | 141  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: