і туралы бүгінгі ұсыныс-кеңестері көбінесе болжалды, өмір шындығынан қол үзген, олар экономикалық жай-күйге де, оқу-білім деңгейіне де, халықтың рухани байлығына да сай келмейді. Қазақстан Президенті әзірлеген экономиканың әлеуметтік үлгісінде оны әлеуметтік дамудың басқа нысандарынан, соның ішінде Батыста кең тараған әлеуметтік инжиринг тәсімінен өзгешелейтін айқын бір ерекшелігі бар. Осы тұжырымдама бойынша неше түрлі әлеуметтік бағдарламалармен қоғамның жай-күйіне игі ықпал ету ұсынылады. Бұл бағдарламалар халықтың түрлі топтарына — иммигранттарға, СПИД-пен ауыратындарға, балаларға т. б. қатысты әрекет етеді және халықтың басқа топтарының тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға қатысы жоқ. Қазақстандық әлеуметтік үлгі қоғамның қайсыбір белгілі әлеуметтік тобының гүлденуіне емес, бүкіл қоғамның гүлденуіне бағытталған, сондықтан тереңде жатқан ерекше парадигмаларды және нарықтық тетіктердің іс-қимылына мүлде жаңа көзқарасты талап етеді. Конституцияға орай Қазақстан халқының меншігінде әлемдегі ең бай жер қойнауы қалды. Мұнай, газ, сирек кездесетін қымбат рудалар мен минералдар, орман, кұстар, балық т. б. — бүкіл қоғамға және әрбір адамға жұмыс істеуге тиіс. Бұл үшін тұрақтандырғыш ұлттык, қорды бөліспеу керек, қайта оған түсетін түсімнің нақты сомасын айқындау керек, шикізат бағасын көтеру есебінен алынатын, қосымша табыс болып табылатын шағын және орта бизнесті дамыту, инновацияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, жалақыны көтеру, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін көбейту және сапасын жақсарту жолымен халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсау керек. Қосымша табыс, яғни рента жеке меншік болмауға тиіс. Қазақстан мен Еуразияда шоғырланған энергия тасымалдаушылардың, судың, сирек кездесетін металдардың бір бөлігінің тапшылығы, сол сияқты олардың бағасы да өсе беред
Страницы: << < 136 | 137 | 138 | 139 | 140 > >>